Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Есенгулова Шахарбанум

ҚР еңбек сіңірген әртісі
Есенғұлова Шахарбанум  - актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 
Шығыс Қазақстан облысы,  Тарбағатай  ауданы, Жаңабосша  ауылында дүниеге келді.
1972 жылы  Мәскеудің Щепкин атындағы  жоғарғы театр  оқу орнын бітіріп шықты.
1972 жылы. жолдама бойынша  курстастарымен бірге Торғай облысы Арқалық қаласындағы музыкалық драма театрын ашты. Торғай облысы тараған соң театр  Жезқазған қаласына қоныс аударды.
2000 жылы  Қостанай облыстық қазақ драма театры шаңырағын көтеруге арнайы шақырылды.  Сол кезден бастап  театр  сахнасында үзіліссіз өнер көрсетіп  келеді.
Щепкин атындағы театр училищесін бірге бітірген  ҚР Мәдениет қайраткері Қайыпберген Есенғұлов өмірде де, өнерде де жұбы жазылған жоқ. Ерлі-зайыпты әртістер қол ұстасып келе жатқандарына қырық жылдан асты.
Сахнадағы негізгі рольдері:
 Еврипид “Медея”  -  Медея,  М. Әуезов  “Қара қыпшақ Қобыланды” – Қарлыға, М. Әуезов “Қаракөз”  -  Мөржан, М. Әуезов “Айман-Шолпан”  -  Теңге, М. Әуезов “Абай”  -  Әйгерiм,   В. Эрвин  “Түлкi бикеш” – Карина. М. Кәрiм “Ай тұтылған түн” – Таңқабике, Н. Гоголь “Ревизор”  -  Анна Андреевна, Ж. Б. Мольер  “Әлiн бiлмеген әлек”  -  Жүрден ханым,  Ғ. Мүсiрепов  “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” – Мақпал,  Ғ. Мүсiрепов  “Қыз Жiбек”  - Қамқа,  Б. Жәкиев “Әке тағдыры”  -  Оңалхан , Бурыл,  А. Островский  “Адам аласы iшiнде” – Трусина,     М. Байжиев “Құдалар” – Бәтес, (реж.Қ.Есенғұлов), Д. Исабеков “Әпке”  -  Қамажай, Т. Ахтанов “Күшiк күйеу” – Гүлжамал (реж.Қ.Есенғұлов),  У. Шекспир “Ромео Джульетта”  - Леди Капулетти , Р. Мұқанова “Қыз жылаған”  -  Қатира, Назым (реж. Ж.Есенбеков), Хикмет “Фархад-Шырын ”-  Күтушi әже (реж.Т.Жаманқұлов), ,  Б.Жакиев «Әке тағдыры» - Оңалхан (реж. Қ.Есенғұлов), А.Оразбеков «Бір түп алма ағаш» - Ана (реж.Қ.Есенғұлов), С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Формон бибі (реж. А.Уалиев),  М.Бажиев «Құдалар» - Бәтес (реж.Қ.Есенғұлов), Е.Төлеубай   «Мариям, Ілияс»-  ақын Мариям Хакимжанова (реж. Е.Төлеубай),  Е.Төлеубай «Боздаған бойдақтар» - Мәми (реж.Е.Төлеубай), Е.Күншуактовтың «Қызыл алма» - Құрбан апа (реж.А.Аханов),  У.Шекспир « Ромео мен  Джульетта» - леди Монтекки (реж.Е.Төлеубай),  Р.Отарбаев «Айна –Ғұмыр» - Ана (реж. Д.Құбаш), Н.Гоголь «Үйлену» - Арина Пантелеймоновна (реж.А.Баймахан)   және тағыда басқа образдары айна-қатесiз сомдалды.
1980 жылы  Ш.Есенғұлованың  ұлттық өнерге сіңірген еңбегі лайықты бағаланып, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі атағына ие болды.
1975 жылы  Қаз.ССР  Жоғарғы  Кеңес Президиумының   Жарлығымен, 
 " Театр өнеріне  шеберлігі үшін  " Құрмет грамотасымен,
1980 жылы  Қазақ ССР  60 жылдығына орай Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, Қазақ КСР  Жоғарғы  Кеңесі Президиумының, Каз.ССР Министрлер Кеңесінің естелік белгісімен, 
1981-1985 ж.ж. Торғай облыстық халық депутаттарының  Кеңесіне  екі рет депутат болып сайланды, Арқалақ қаласының құрметті азаматы атанды.
1998 жылы ҚР мәдениет Министрлігінің құрмет грамотасымен ,
2002 жылы « Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік меделімен марапатталды.