Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Жапаров Мейрам Сугирбаевич

Актер
Мейрам Жапаров  -  актер, Торғай облысы  Аманкелді  ауданында    дүниеге келді.  
1990  жылы   Арқалық музыка училищесін бітірді. Өзінің шығармашылық еңбегін  Арқалық қаласы А.Байтурсынов атындағы қазақ драма театрында бастады.
2000 жылы Қостанай қаласында қазақ драма театрының ашылуына байланысты арнайы шақырумен келіп шығармашылық еңбегін  І.Омаров атындағы қазақ драма театрында жалғастырды.
Ұлттық, әлемдік  классика мен заманауи драматургияда:А.Кекілбаев «Абылайхан» -  Абылайхан, Шерым (реж.Ж.Есенбеков),Ғ.Мұсрепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу» -  Қодар (реж. Ж.Есенбеков), І.Есенберлин «Хан Кене» - Ағыбай батыр, Б.Жәкиев «Әке тағдыры» -Шаршеке (реж. Қ.Есенғұлов), Ш.Башпеков «Шойын қатын» - Көрші әйел (реж. Ж.есенбеков), , Н.Хикмет «Фархат Шырын» - Жұлдызша (реж.Т.Жаманқұлов),  Ғ. Мұсрепов «Айман Шолпан»- Арыстан батыр (реж.Ж.Есенбеков),  С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» - Абдолла (реж.А.Уалиев), И.Сапарбаев «Махаббат мейрамы» - Милиционер (реж.Б.Сейтмамытов), М.Хакімжанова «Мәншүк» - Генерал (реж. Қ.Есенғұлов), У.Шекспир «Гамлет» - Поп (реж.Е.Төлеубай А.Оразбеков «Бір түп алма ағашы» - Зарқынбек ( реж. Қ.Есенғұлов), С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Полковник (реж. А.Уалиев), В.Поляков «Чарлидің әпкесі» - Қызметші (реж. Н.Жұманиязов), Т.Қоныратбай «Дала шамшырағы» - Ыбырай  (реж. Е.Төлеубай),А.Шаяхмет «Шоқанның шері- Шоқанның нағашысы (реж.-А.Уалиев), Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Қабанбай (реж.Қ.Есенғұлов), С.Жунусов «Махамбет»- Исатай (реж.Ж.Есенбеков),  Иранғайып «Шершемен» - Бас уәзір (реж. Е.Төлеубай), А.Шаяхмет «Өкініш» - Шал (реж.Е.Қауланов),  С.Балғабаев «Қыз жиырмаға толғанда» - Қыздың әкесі (реж. Е.Төлеубай), Р.Отарбаев «Айна ғұмыр» - Шал (реж.Д.Құбаш), С.Досанов «Ақбас бүркіт» -МаоДзе Дун (реж.Қ,Бейшаналиев), т.б. сахналады 
 
2002 жылы Қостанай облысы мәдениет басқармасының «Алғыс хаты»
2005 жылы Қостанай облысы әкімінің Грамотасы
2012 жылы Қостанай облысы Меценаттар клубының «Арнайы сыйлығының» иегері
2015 жылы Қазақстан театр қайраткерлері Одағының «Құрмет грамотасы»