Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Қызыров Ғабит Сәбитұлы

Актер
Қызыров Ғабит Сәбитұлы –  актер,  Қарағанды облысы Балхаш қаласы, Шашубай кентінде  дүниеге келді.  
2014  жылы Ж.Елебеков  атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін «Актер өнері» мамандығы бойынша бітіріп сол жылы І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына  әртіс қызметіне  қабылданды.
2016 жылы Б.Бейшеналиев атындағы  Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетіне  сырттай оқуға түсті. 
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық әлемдік  классика мен заманауи драматургияда:   «Қыз жиырмаға толғанда» - Тәукен (реж. Е.Төлеубай),  Е.Күншуақов «Қызыл алма» - Аббас(реж. А.Аханов), І.Есенберлин «Хан Кене» - Жүсіп  (реж.С.Асылханов), У.Шекспир «Ромео-Джульетта» -Ромео (реж. Е.Төлеубай), Р.Отарбаев «Айна ғұмыр» - Анау (реж.Д.Құбаш),  Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар» - Жомарт (реж.Д.Құбаш), А.Шаяхмет «Өкініш» - Жігіт (реж.Е.Қауланов), М.Ауезов «Айман Шолпан» - Өзбек (реж.Е.Төлеубай),  Е.Төлеубай «Жалғыздық» - Қабыл (реж.Е.Төлеубай), Э.Филиппо «Цилиндр» - Антонио (реж. Ж.Хаджиев), А.Шаяхмет «Еңбек ер атандырады» - Журналист (реж.А.Уалиев), А.Айларов «Бүлдірген біз бе?» - Сико (реж.Д.Құбаш),  С.Досанов «Ақбас бүркіт» - Ауелбеков (реж. К.Дуйшеналиев)  т.б. сахналады.
 
2016 жылы Қостанай облысы Халық Ассамлеясының «Алғыс хатымен» марапатталды