Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Құбаш Мөлдір Асылқызы

Актриса
Құбаш Мөлдір Асылқызы   –  актриса, Алматы  облысы,  Райымбек ауданында   дүниеге келді.  
2008  жылы  Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының   колледжін «Актер өнері» мамандығы бойынша тәмәмдады. Сол жылдан бастап І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етеді.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық әлемдік  классика мен заманауи драматургияда: С.Ахмад  «Келіндер көтерілісі» - Келін (А.Уалиев),  Иранғайып «Шер-шемен» - Бақыт құсы  (реж. Е.Төлеубай), Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Алма (реж. Қ.Есенғұлов), Ш.Құсаинов «Анамның ақ көйлегі» - Майра (реж. А.Уалиев, Е.Төлеубай «Жеңгетай» - Күлғайша (реж. Е.Төлеубай), А.Вампилов «Метромпаж деген не?» - Виктория (реж. – Е.Кауланов), Е.Төлеубай «Есенин» - Шаганэ (реж. Е.Төлеубай),  Е.Төлеубай «Боздаған бойдақтар» - Кәкіш (реж. Е.Төлеубай), А.Шаяхмет «Шоқанның шері» - Айша (реж. А.Уалиев), Р.куни «№13» - Джейн (реж.Е.Кауланов),  С.Асылханов «Күзгі романс» - Назым (реж. А.Уалиев), С.Балғабаев  «Қыз жиырмаға толғанда» - Гаухар (реж. Е.Төлеубай),  Е.Күншуақов «Қызыл алма» - Женге (реж. А.Аханов), І.Есенберлин «Хан Кене» - Зейнеп  (реж.С.Асылханов),  А.Шаяхмет«Өкініш»  - Ана (реж. Е.Қауланов),  Е.Төлеубай  «Қасірет» - Гүлнұр (реж. Е.Төлеубай),  Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»-  Қанипа (реж.Д.Құбаш), У.Шекспир «Гамлет» - Офелия (реж. Е.Төлеубай),  Н.Гоголь «Үйлену»  – Агафья (реж. А.Баймахан), А.Айларов «Бүлдірген біз бе?» - Дзерасса (реж.Д.Құбаш)  т.б. сахналады.
 
2010 жыл – Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Құрмет грамотасы»
2016 жыл – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мадақтама грамотасы»
2017 жыл Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Алғыс хаты»
2017 жылы «Шабыт» XX Халықаралық шығармашылық жастар фестивалінде «Актерлық шеберлік» номинация бойынша  Дипломмен марапатталды
2018  жылы Қостанай облысы Меценаттар Клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты