Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Иманов Қабдұл-Мәжіт Сүндетұлы

ҚР “Мәдениет қайраткері” белгісінің иегері
Қабдул-Мәжіт Иманов– актер, 1957  жылы  Батыс Қазақстан облысы Орда  ауданы  Шұнғай  бекетінде дүниеге келді.  
ҚР Мәдениет қайраткері
 
1981 жылы Алматы театралды-көркемсурет институтын, қазіргі Т.К.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын  тәмәмдады. Өзінің шығармашылық еңбегін 1981 жылы Махамбет атындағы  Гурьев ( Атырау) қазақ  драма театрынан бастады.
2002 жылы Қостанай қаласында қазақ драма театрының ашылуына байланысты шақырумен келіп шығармашылық еңбегін  сахна шебері болып І.Омаров атындағы қазақ драма театрында жалғастырды.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық ,әлемдік  классика мен заманауи драматургияда: Ғ.Мұсрепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу» - (реж. Ж.Есенбеков), Э.Филиппо «Цилиндр» - (реж. Ж.Хаджиев), М.Ауезов «Еңлік Кебек» - (реж.Е.Төлеубай), А.Несіпбаев «Желтоқсан» -  (реж. Е.Төлеубай), Қазығұл «Абай»- (реж. Е.Төлеубай),  С.Тұрғынбеков  «Кейкі батыр» -, Е.Төлеубай  «Мариям,Илияс» (реж. Е.Төлеубай), М.Байжиев  «Тіл табысқандар» - (реж. Е.Кауланов), Ж.Әлмашұлы «Мұңмен алысқан адам» - , М.Байжиев « Кім кінәлі» - (реж. К.Касенов), С.Асылханов «Күзгі романс» -  (реж. А.Уалиев), С.Балғабаев  «Қыз жиырмаға толғанда» - (реж. Е.Төлеубай),  Е.Күншуақов «Қызыл алма» -  (реж. А.Аханов),І.Есенберлин «Хан Кене»- (реж.С.Асылханов), А.Шаяхмет«Өкініш»  - Шал (реж. Е.Қауланов), М.Ауезов «Айман Шолпан» -  (реж. Е.Төлеубай), Е.Төлеубай  «Қасірет» - (реж. Е.Төлеубай),  Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»-   (реж.Д.Құбаш), У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - (реж. Е.Төлеубай), Р.Отарбаев «Айна Ғұмыр» (реж.Д.Құбаш) , Р.Куни «№13» - (реж. Е.Қауланов),  Е.Төлеубай «Боздаған бойдақтар» - (реж.Е.Төлеубай), А.Шаяхмет «Еңбек Ер атандырады»- (реж.А.Уалиев),  ), Н.Гоголь «Үйлену» - (реж.А.Баймахан)  т.б. сахналады.  
 
 2005 жылы Қостанай облыстық қазақ драма театрының  деңгейін көтеруге үлкен үлес қосқаны үшін  ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды