Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Кенжахметов Нұрлыбек Женісбекұлы

Актер
Кенжахметов Нұрлыбек Женісбекұлы    –  актер,  Қостанай   облысы   Амангелді ауданында   дүниеге келді.  
2008  жылы  Т.К.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясын   Актер өнері  мамандығы бойынша тәмәмдады. Өзінің шығармашылық еңбегін  сол  жылы  шақыру бойынша Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма  театрында бастады.
2010 жылдан бері  І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етуде.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық, әлемдік классика мен заманауи драматургияда:  Қазығұл «Міржақып» – Жанғайып (реж.Е.Төлеубай), У.Шекспир «Гамлет» –Гамлет (реж.Е.Төлеубай), Т.Қоныратбай «Дала шамшырағы» –Ыбырай (реж. Е.Төлеубай), Қазығұл «Абай» - Оспан (реж.Е.Төлеубай), І.Есенберлин «Хан Кене» - Шынғыс (реж. С.Асылханов), Ж.Әлмашұлы «Мұңмен алысқан адам» -Елжан (реж. Е.Төлеубай), М.Байжиев «Кім кінәлі» - Сағын (реж.К.Касенов),  С.Досанов «Ақбас бүркіт» -Ташенов ( реж.Қ.Бейшеналиев) т.б. сахналады
2012 жылы Қостанай облысы әкімінің Грамотасы
2013 жылы Қостанай облысының өнері мен мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін  Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды 
2013 жылы Қазақстан театр қайраткерлері одағының «Құрмет грамотасы»
2014 жылы Қостанай облысы мәдениет басқармасының Грамотасы
2018  жылы Қостанай облысы Меценаттар Клубының «Шабыт» сыйлығының лауреаты