Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Есенғұлов Қайыпберген

ҚР “Мәдениет қайраткері” белгісінің иегері
 Есенғұлов Қайыпберген –  Алматы облысы  Еңбекшіқазақ ауданының  Есік бекетінде дүниеге келді.   
1972 жылы  Мәскеу қаласындағы  Б.Щепкин атындағы  (ЖБМ) училищисін  бiтiрді.
1972 жылы жолдама бойынша  курстастарымен бірге Торғай облысы Арқалық қаласындағы музыкалық драма театрын ашты. Торғай облысы тараған соң театр  Жезқазған қаласына қоныс аударды.
 2000 жылдан бастап осы күнге дейін І.Омаров атындағы  театрында еңбек етуде. Қайыпберген аға өте таланты, әр роліне қызығушылықпен қарайтын  жетекші актер ғана емес  қоюшы режиссер ретінде де танымал. Оның қойылымдары  осы күндері де көрерменнің  жүрегіне жол тауып, көңілінен шығады. Қайыпберген Есенғұлов  қырық жылдан астам  сахнада өнер көрсетіп, кездескен барлық қиындықтарды қайсарлықпен жеңе біліп, әлі күнге дейін өзінің жинақтаған тәжірибесін жастарға ерінбей-жалықпай үйретіп отырады.
Щепкин атындағы театр училищесін бірге бітірген жан-жары ҚР еңбек сіңірген артисі  Шахарбанум Есенғұлова өмірде де, өнерде де жұбы жазылған жоқ. Ерлі-зайыпты әртістер қол ұстасып келе жатқандарына қырық жылдан асты.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық ,әлемдік  классика мен заманауи драматургияда:  Ә. Кекілбаев «Абылай хан» - Ораз-Аталық (реж. Ж.Есенбеков), І.Есенберлин «Хан Кене»-  Ағыбай батыр (реж. Ж.Есенбеков), Ғ.Мұсрепов «Қозы Көрпеш Баян сұлу» - Қарабай                   (реж. Ж.Есенбеков), М.Ауезов «Еңлік Кебек» - (реж.Е.Төлеубай), А.Несіпбаев «Желтоқсан» -  (реж. Е.Төлеубай), Қазығұл «Абай»- (реж. Е.Төлеубай),  С.Тұрғынбеков  «Кейкі батыр» -, Е.Төлеубай  «Мариям,Илияс» (реж. Е.Төлеубай), М.Байжиев  «Тіл табысқандар» - (реж. Е.Кауланов), Ж.Әлмашұлы «Мұңмен алысқан адам» - , М.Байжиев « Кім кінәлі» - (реж. К.Касенов), С.Асылханов «Күзгі романс» -  (реж. А.Уалиев), С.Балғабаев  «Қыз жиырмаға толғанда» - (реж. Е.Төлеубай),  т.б. сахналады. 
Режиссер  ретінде қойған  қойылымдары: 2002ж. - Б.Жакиев « Әке тағдыры», 2004ж.- М.Байжиев «Құдалар», 2005ж.- М.Хакимжанова «Мәншук», А.Оразбеков «Бір түр алма ағашы», 2007ж.- «Күшік күйеу»,  2018 Е.Домбаев «Жоғалған адам»   
2001 жылы «Мәдениет қайраткері» атағына ие болды,
2004 жылы Қостанай Меценаттар клубының «Қазына» премиясына иеленді.