Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Досанова Ақдамен Абуалиқызы

Актриса
Досанова Ақдамен Абуалиқызы   –  актриса, Торғай облысы  Жангелді ауданында     дүниеге келді.
1991 жылы өзінің шығармашылық еңбегін  Арқалық қаласындағы жасөспірімдер театрында бастады.
2003 жылдан бастап  І. Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етеді. Театр  сахнасында  елуден аса роль – сан тағдырлы әйелдер бейнесін сомдады. 
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық ,әлемдік  классика мен заманауи драматургияда: М.Байжиев «Құдалар» – Көкіш (реж. Қ.Есенғұлов),  Ш.Айтматов                       «Жан пида» –Көптұрсын  (реж.Ж.Есенбеков), С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» - Мәдина (реж.А.Уалиев), С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» - Бустан (реж.А.Уалиев), Т.Ахтанов « Күшік күйеу» - Гүлжамал (реж. Қ.Есенғұлов), А.Шаяхмет «Шоққанның шері» - Зейнеп (реж- А.Уалиев), Е.төлеубай «Жеңгетай»  - Тасым (реж.Е.Төлеубай), Қазығұл «Міржақып» - Куляш (реж.Е.Төлеубай), Е.Төлеубай «Боздаған бойтақтар» - Әйшәй (реж.Е.төлеубай), Р.куни «№ 13» - Глэдис (реж.Е.Қауланов), М.Байжиев «Тіл табысқандар» - Болдуқан (реж. Е.Қауланов), Т.Қоныратбай «Дала шамшырағы» - Қатима (реж. Е.Төлеубай),  М.Ауезов « Айман шолпан» - Теңге (реж. Ж.Есенбеков), Ш.Құсаинов «Анамның ақ көйлегі» - Зылиха (реж. А.Уалиев),  Н.Ораз «Арыңды сақта» - Жамал (реж. С.Алтаев), Е.Төлеубай «Әпен аулие» - Шипагүл (реж. Е.Төлеубай), А.Шаяхмет «Өкініш» - Ана ( реж.Е. Қауланов),  Р.Отарбаев «Айна ғұмыр» - Ана (реж.Д.Құбаш), Е.Домбаев «Жоғалған адам» - Халила (реж.Қ.Есенғұлов), Н.Гоголь «Үйлену» -  (реж.А.Баймахан)  т.б. сахналады.
2005 жылы  Қостанай облысының мәдениет департаментінің Грамотасы
2010 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігінің «Құрмет дипломы»
2015  жылы Қостанай облысы Меценаттар Клубының  «Театр өнері» номинациясында арнайы премиясының лауреаты