Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Ахметова Күляй Жармағамбетқызы

Актриса
Ахметова Күляй Жармағамбетқызы  –  актриса, Торғай облысы  Торғай ауылында   дүниеге келген.  
Өзінің шығармашылық еңбегін 1987 жылы  Н.Ахметбеков атындағы театрында бастады. 1992 жылы  Торғай облысы ашылуына байланысты Арқалық  қазақ  жасөспірімдер   театрына шақырылып жалғастырды. 2004  жылы Арқалық педагогикалық институтын тәмәмдады.
 2013 жылы Б.Бейшеналиев атындағы  Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетін «Драма театрының актері» мамандығы бойынша бітірді.
2014 жылдан бастап   І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында еңбек етуде.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық  Әлемдік классика мен заманауи драматургияда:  М.Ибраева «Қалқаман –мамыр» - Лағия, (реж. ), Ғ.Мұсрепов «Қыз Жібек» - Дурия (реж.), З.Исмаилов»Құдаша( - Наза(реж.), М.Борамбаев «Заңды неке»- Зауреш  (реж.), Е. Әлімханов « Бір қазаққа –бір қатын» - Шура (реж.), Э.Тауасаров «Махаббат аралы» -Айна (реж.), Р.Мұқанова «Қыз жылаған» -Шөкіш (реж.),  Т.Ахтанов «Күшік күйеу» -Ботка (реж.Қ.Есенғұлов), М.Ауезов «Айман-Шолпан» - Айман (реж. Е.Төлеубай), С.Балғабаев  «Қыз жиырмаға толғанда» - Ғайни (реж. Е.Төлеубай),  Е.Күншуақов «Қызыл алма» -  Құрбан апа (реж. А.Аханов),   Е.Домбаев «Жоғалған адам» - Ақпүліш (реж.Қ.Есенғұлов), Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Бейжамал (реж. Қ.Есенғұлов), Б.Жакиев «Әке тағдыры» - Оңалхан (реж.Қ.Есенғұлов), Н.Гоголь « Үйлену» - Фекла Ивановна (реж.А.Баймахан)   т.б. сахналады.
2009 жылы  ҚР  Мәдениет министрлігінің  «Құрмет грамотасы»
2011 жылы «Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі
2012 жылы Қостанай облысы Меценаттар Клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты
2013 жылы Қостанай облысы әкімінің Грамотасы
2018 жылы Қостанай облысы Мәдениет басқармасының «Алғыс хаты»