Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Альгожин Төленді Олжабайұлы

Актер
Альгожин Төленді Олжабайұлы    –  актер,  Қостанай   облысы   Амангелді ауданында   дүниеге келді.  
Өзінің шығармашылық еңбегін  2010 жылы  І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры жанындағы актерлік студияны бітіріп, театрға жұмысқа қабылданды.
2014  жылы  РФ  Челябинск   Мемлекеттік  мәдениет және өнер академиясын «Кино және драма театрының артисі» мамандығы бойынша тәмәмдады.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: С.Ахмад комедия «Келіндер көтерілісі» - Тілші (реж.А.Уалиев),  У.Шекспир «Гамлет»  - Шут (реж.Е.Төлеубай), Қазығұл «Абай» - Олжабай (реж. Е.Төлеубай),  С.Тұрғынбеков  «Кейкі батыр» - Шұбар (реж.Е.Төлеубай),  А.Оразбеков  «Бір түп алма ағашы» - Мақсат(реж.Қ.Есенғұлов),  М.Байжиев  «Тіл табысқандар» - Асқар (реж. Е.Кауланов), Ж.Әлмашұлы «Мұңмен алысқан адам» - Кекілді бала  (реж.Е.Төлеубай),  М.Байжиев « Кім кінәлі» - Темір (реж. К.Касенов),  І.Есенберлин «Хан Кене»- Шал, Есаул Сотников (реж.С.Асылханов), А.Шаяхмет«Өкініш»  - Жігіт (реж. Е.Қауланов), М.Ауезов «Айман Шолпан» - Жарас (реж. Е.Төлеубай), Эдуардо до Филиппо  «Цилиндр» - Микеле (реж.Ж.Хаджиев),  Ә.Нұршайықов «Махаббат қызық мол жылдар»-  Ербол  (реж.Д.Құбаш),  У.Шекспир «Ромео мен Джульетта» - Ромео (реж. Е.Төлеубай), Р.Отарбаев «Айна Ғұмыр» -Делдал (реж.Д.Құбаш) , Р.Куни «№13» - Радмир (реж. Е.Қауланов), Ж.Әлмашұлы «Қайырымды қаладағы қарлығаштар» - Ақын (реж.Е.Қауланов), Н.Гоголь «Үйлену» -Кочкарев (реж.А.Баймахан), «Әнім сен едің» -  (реж. А.Баймахан)  т.б. сахналады.
 
2003 жылы  - Қостанай облысының Мәдениет басқармасының дипломы,  ХVІІ облыстық  фольклорлық  шығармашылық  фестиваліне  қатысқаны үшін
2004жылы  - Қостанай  облысы  мәдениет басқармасының  дипломы,     XVII  облыстық  «Әнім сенсің - тың дала»  халық  шығармашылығының фестиваліне қатысқаны үшін
2006 жылы – Қостанай  облысының  тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының  дипломы.  Оралхан  Бөкей  атындағы облыстық шеберлерінің  байқауында Гран-приге ие болды
2017 жылы-  Қостанай облысының  «Алтын жастар»  кітабына кірді.