Ілияс Омаров атындағы
Қостанай облыстық
қазақ драма театры

“Осылайша, мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз
тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып,
басты тілдерінде сөйлейтін болады” Н.А. Назарбаев

Актерлер

Абдібеков Марғұлан Назарұлы

Актер
Абдібеков Марғұлан Назарұлы –  актер,  Қостанай  облысы  Жангелді ауданы  Торғай ауылында  дүниеге келді.  
2010  жылы  Қостанай педагогикалық колледжінің «Педагог ұйымдастырушы, халық оркестрінің жетекшісі»  мамандығы бойынша тәмәмдады. Өзінің шығармашылық еңбегін Қостанай облысы Федоров аудандық «Жастар» мәдениет үйінің қазақ ұлт аспатар ансаблі жетекшісі ретінде  бастады.
2016 жылы І.Омаров қазақ драма театрына актер қызметіне қабылданды. 2017 жылы Б.Бейшеналиев атындағы Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетіне сырттай оқуға түсті.
Сахнадағы негізгі рольдері:
Ұлттық әлемдік  классика мен заманауи драматургияда:   Р.Отарбаев «Айна ғұмыр» - Анау (реж. Д.Құбаш), Е.Төлеубай «Гогль Пушкин» - Дантес (реж. Е.Төлеубай), Т.Ахтанов «Күшік күйеу» - Қабанбай (реж. Қ.Есенғұлов), Р. Киплинг «Маугли» -Шерхан (реж. А.Қайыпбергенова) А.Айларов «Бүлдірген біз бе?» - Сико (реж. Д.Құбаш) т.б. сахналады.