Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Руководство

Әлімхан Мырзахан

Директор
Мырзахан Әлімхан Мырзаханұлы- 1980 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шілін ауылында дүниеге келген. 
 Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Театр және кино актерi» мамандығы бойынша білім алып, Қазақстанның халық әртiсi Тұңғышбай Жаманқұловтың шеберханасын үздік дипломмен тәмамдады. 
2000 жылы Қ.Р. Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Мәдениетті қолдау жылы» қарсаңында Қостанайда І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының ашылуына байланысты арнайы шақырту алып, актер болып қызмет ете бастады. Шығармашылық жолында сексеннен астам образдарды сомдады. 
Сахна саңлақтарының ізімен келе жатқан басшы аталмыш театрда 20 жыл адал қызмет етіп, өнерге деген шын жаңашырлығымен көзге түсіп, көптің көңілінен шыққан білікті маман. Ол тек театр сахнасын ғана емес, еліміздің киноиндустриясын бағындырып жүрген талантты актер. Отандық "Армандастар" телехикаясында, " Бір сен үшін", " Менің тағдырым", " Статья 177" атты толық метражды фильмдерде тамаша образ жасап, көрермен көзайымына айналды.
         Жоғары кәсіби шеберлігінің арқасында тек Қазақстанда ғана емес, көптеген шет елдерде өнер көрсетті. Атап айтқанда, 2003 жылы РФ Троицк қаласына және 2019 жылдың мамыр айында  Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында Ташкент қаласында, Ташкент академиялық театры сахнасында  «Хан Кене», «Әнім сен едің» (Шәмші туралы тамшылар...), «Мұңмен алысқан адам» қойылымдарымен іс-сапарда болды.
     2005 жылы Қостанай облысының өнері мен мәдениетінің дамуына қосқан зор үлесі үшін  Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының Мақтау қағазымен марапатталды.
    2010 жылы  Қостанай облысы меценаттар клубының «Театр» номинациясы бойынша «Шабыт» сыйлығының лауреаты.
    2015 жылы Қазақстан Республикасының президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
    2018 жылы Еліміздің театр өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мақтау қағазымен, өзге де мәдениет саласы мекемелерінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
     2019 жылы «Қазақ өнерінің қайраткері» медальі мен сертификаттың иегері.