Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Художественный персонал

Шамбетов Баатырбек Рысқұлұлы

Художественный руководитель
Шамбетов Баатырбек Рысқұлұлы- театрдың көркемдік жетекшісі. 1978 жылы 21 қараша  Қырғыз Республикасы, Ыстыққөл облысы, Балықшы қаласында туған. Ұлты қырғыз, білімі жоғары, Қазақстан Республикасының азаматы. Орта мектепті аяқтаған соң, 1995 жылы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтына түсіп, актер мамандығын 1999 жылы үздік дипломмен бітіріп шықты.

Б. Шамбетов 2012 жылы Қырғыз мемлекеттік Искуство институтынын режиссура бөлімін, режиссер мамандығы бойынша тәмамдады. 

2014 жылы РФ. Санкт-Петербург мемлекеттік театр өнері академиясында біліктілін арттырған. 

Фестивальдегі жетістіктері:
2014 жылы Қызылорда қаласында өткен С.Майқанованың 100 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде «Үздік ер бейнесі» номинациясы бойынша Софоклдың «Эдип патша» қойылымындағы Эдип бейнесімен  бас жүлдені жеңіп алды. 

2014 жылы Ақтау қаласында өткен І республикалық «Әбіш әлемі» театр фестивалінде Ә. Кекілбаевтің «Махаббат мұнарасы» спектаклімен қатысып «Актерлық ізденістері үшін» номинациясын,
2014 жылы РФ, Екатеринбург қаласында өткен VIII халықаралық "Коляда- PLAYS" театр фестиваліне О. Жанайдаровтың "Бір, екі, үш..." драмасымен қатысқан.
2015 жылы Бішкек қаласында өткен «АРТ-ОРДО» халықаралық театр фестивалінде Н.Гогольдың «Ревизор» комедиясындағы Дуанбасы рөлі үшін «Үздік ер бейнесі» номинациясын жеңіп алды.