Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Актерский состав

Беркімбай Ерсұлтан Ерланұлы

Актер
Ерсұлтан Беркімбай - актер, 1999 жылы 12 мамырда Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген. 
2018 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы колледжін "Музыкалық театр әртісі" мамандығы бойынша Ерғалым Төкеевтің шеберханасын тәмамдады. Өнердегі алғашқы қадамын Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында бастады.
2019 жылдан бастап І.Омаров атындағы қазақ драма театрында еңбек етіп келеді. Бүгінде Бүбүсара Бейшеналиева атындағы Қырғыз  мемлекеттік маданният жана искусство университетінің студенті. 

Сомдаған рөлдері:
 Отандық, әлемдік классика мен заманауи драматургия шығармаларда:

"Примадонны" - Дункан (реж.Б.Нұрғалиев),
"Құлқынның құлы" - Полиция (реж.Е.Төлеубай),
"Ақбас Бүркіт" - Разумовский (реж.К.Дуйсеналиев),
"Номер.13" - Рони (реж.Е.Қауланов),
"Махаббат қызық мол жылдар" - Жомарт (реж.Д.Құбаш),
"Құс жолы" - Майсалбек (реж.Н.Абдыкадыров),
"Красавчик" - Ысфандияр (реж.Д.Құбаш),
"Қыз Бәтіш пен  Ерсейіт" - Чиновник (реж.Б.Шамбетов).