Костанайский областной
казахский театр драмы
им. И. Омарова

"Впервые за тысячелетнюю историю наша культура
зазвучит на всех континентах и на всех
главных языках мира" Н.А. Назарбаев

Афиша

Комедия "Күшiк күйеу"

16.05.2019
Комедия "Күшiк күйеу"

«Күшік күйеу» (комедия)

 Қойылым авторы - Тахауи  Ахтанов

«Күшік күйеу» комедиясы, бұл – жастар тақырыбын,  ана  мен  баланың  арасындағы  қарым-қатынасты  сондай-ақ, бой түзеп  қалған қызы бар  кез-келген  ата-ананың  баласының  алдағы  бағын  ойлап,  қам  жеуі  секілді  өмірлік  мәселелерді  қамтитын  сахналық  туынды. Спектакльдің  тақырыбы, айтар  ойы – қоғамның  қай  кезеңінде  болса  да  ескірмейтіндігімен  құнды.

Атап айтқанда, қойылымда ауыл мен қала жастарының қалыптасу келбеті, таным-түсінігі мен тәрбиесі,  ұстаным-пайымы  секілді көптеген  өзекті  мәселелер  көрініс табады. Ондай  қоғам  өміріндегі  өзекті  түйткілдер  спектакль  барысында  кейіпкерлер бейнесі арқылы, тіл, ән – домбыра  мен  гитараның  «айтысы»,  би, т. б.  сахналарының  өне-бойында  әсем  көрініс  тауып,  әдемі  өріліп  отырады.